Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында қаралды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оған облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері бейнеконференция режимінде қатысты.Облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұлов 2019-2020 жылдардағы және 2021 жылдың төрт айындағы орындаушылық тәртіптің жағдайын талдау нәтижелерін жариялады.
Жалпы, осы мерзімде облыс әкімінің тапсырмасымен орындауға 4795 тапсырма жолданды, оның 4708 орындалып, 87 тапсырма орындалған жоқ.
2020 жылы мемлекеттік органдар 5 млн 800 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдарға талдау жүргізілді.
Барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек. Талдау жүргізіңіз: егер объективті себептер болса, оларды жою қажет, ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан мерзімдері кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту туралы сұрақты ойланыңыз, - деп Оңдасын Оразалин облыс әкімі аппаратына тапсырма берді.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың назарына әлеуметтік желілердегі басқарма басшылары мен Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдерінің қызметіне талдау ұсынылды.
Аймақ басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерін, мемлекеттік мекемелерді әлеуметтік желілерде ақтөбеліктердің шағымдары мен өтініштерін дұрыс қабылдауға және жедел жауап беруге шақырды.
Әрине, әрдайым объективті шағымдар бола бермейді, бірақ егер сіздің жұмысыңыздағы кемшіліктер расталса, оларды мойындаңыз және оларды жою үшін барлық шараларды қабылдаңыз. Бұл сіздің міндетіңіз,- деп баса айтты Оңдасын Оразалин.
Жиын соңында аймақ басшысы мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді тапсырды.