Оралдықтар көлік жүргізу куәлігін алу талаптарын жеңілдетуді сұрап отыр

22 Қараша 2020, 07:22
1692
Бөлісу:
Оралдықтар көлік жүргізу куәлігін алу талаптарын жеңілдетуді сұрап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда тұрғындар көлік жүргізу куәлігін алу қиындап кеткенін айтады. Жұрт ең алдымен автодромдағы цифрлық жүйе мен бағалау тәртібін қайта қарауды сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Тұрғындар автодромдағы датчиктерді жиектастардың үстіне немесе жанай орналастыруды сұрайды. Сынақ тапсырушылар жолдың қиылысында көлікті жиектасқа соқтырып алмай, тек жақын өтсе болды, 20 айып балы қосылады.

Ремень тақпаған жағдайда 5 балл беріледі. Жаяу жүргіншіге 1 метр жетпей тоқтау керек. 1 метр болмаған жағдайда кішкене алыстау болса мысалы, 5 балл береді. Егер одан алыстау тоқтаса, 25 балл беріледі. Егер тақалып кететін болса, тағы 25 балл беріледі, - дейді мамандандырылған ХҚКО маманы Асылжан Сармалаев.

Сынақ тапсырушылар бағалау жүйесін оңтайландыруды сұрайды. Облыстық қоғамдық кеңес салаға мониторинг жүргізіп, бірқатар кемшілік барын анықтады.

Өзгелердің жаңалығы