Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен аңқау азаматтың 80 мың теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласында 20 жастағы азамат өзінің алданғанын айтып, полицияға шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алып беремін деп желеумен алдап, оның 80 мың теңгесін алып алған.
БҚО ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасаған 27 жастағы алаяқты құрықтады. Тексеру барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.