Орал тұрғыны референдумға «Фиксики» мультфильмі кейіпкерінің костюмімен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұндай перформанс №268 референдум учаскесінде дауыс берушілерді бей-жай қалдырмады. Бұл жерде бүгін адам онсыз да аз емес, ал «фиксиктің» пайда болуы тіпті қарапайым өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударды.
Фиксиктер әрқашан: «жөндейміз, жақсартамыз, жаңартамыз» деп айтады. Мен де жаңа, әділетті және дамыған Қазақстанды құруға өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан бүгін жай ғана костюммен келген жоқпын. Мен жаңа Қазақстанды бірге құру идеясына деген сеніммен келдім, - деді мультфильм кейіпкерінің киімін киген бейтаныс адам.
Мульткейіпкер костюміндегі жас жігіт дауыс берушілер тізіміне белгілену кезінде өз тұлғасын тек учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне ғана ашты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы барысы Әділет референдумда «дауыс берді».