Оралдағы №416 сайлау учаскесінде соңғы минуттарға үлгеріп келген сайлаушылар бар

5 Маусым 2022, 20:56
1613
Бөлісу:
Оралдағы №416 сайлау учаскесінде соңғы минуттарға үлгеріп келген сайлаушылар бар
Фото: автордан

Орал, BAQ.KZ тілшісі. Орал қаласындағы №416 сайлау учаскесінде 2427 сайлаушы тіркелген. 

Сағат 19:50-дегі ақпарат бойынша 2003 сайлаушы дауыс беріп үлгерді, - дейді №416 сайлау учаскесіндегі комиссия төрайымы Дарья Кабдуллиева.

Оралдағы №416 сайлау учаскесінде соңғы минуттарға үлгеріп келген сайлаушылар бар

Халқымыз жақсы өмір сүруі үшін отбасымызбен дауыс бердік. Өзгеріске үлесіміз болсын деп келдік. Күні бойы қолымыз тимей, «ештен кеш жақсы» демекші, кешкі 20:00-ге дейін ашық екенін ғаламтордан оқып дауыс беруге келдік, - дейді соңғы дауыс берушілердің бірі Гүлнәр Сүлейменова.

Оралдағы №416 сайлау учаскесінде соңғы минуттарға үлгеріп келген сайлаушылар бар

Соңғы дауыс берушілердің бірі Рита Сұлтанғалиева мекенжайы бойынша тіркелген учаскесіне арнайы келген.  

Жаңа Қазақстаннан оң өзгерістер күтемін. Елдің саяси, басқару, құқық жүйесінде жаңашылдық болады деп, сеніммен үнімізді білдіруге келдік, - дейді Рита Бекжанқызы.

Батыс Қазақстан облысында 443 833 сайлаушы тіркелген. Облыс бойынша - 505, Орал қаласында 123 учаске сайлаушыларды қабылдады. Облыс бойынша 24 учаскеде exit-poll қызметі жұмыс істеді. Референдум барысын 3 шетелдік, 2500-дей жергілікті ба0ылаушы бақылады.

БҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, сайлау комиссияларында 3259 мүше бар. Оның 98-і – аумақтық, 3161-і – учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі. Батыс Қазақстан облысында референдум өткізуге 738 млн 767 мың теңге бөлінген. Ол қаржының 597 млн теңгесі сайлау комиссияларының мүшелеріне еңбекақы ретінде төленбек.

Өзгелердің жаңалығы