Оралда жолақысы қымбаттауы мүмкін

14 Қазан 2023, 08:45
716
Бөлісу:
Оралда жолақысы қымбаттауы мүмкін
Фото: baq.kz

Баға бұған дейін 80 теңге болса, енді 120 теңгеге көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалада жолаушы тасымалымен 6 компания айналысады. Кейінгі жылдары жолақыны төлеу электрондық жүйеге көшірілді. Тасымалдаушыларға биыл 5 миллиард 385 миллион теңге субсидия төленеді.

 Орал басшылығы кәсіпорындар шығынын жаба алмай отырғандығын айтады.

Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері бұл бастаманы бірден қолдаған жоқ. Мәселе қалалық мәслихатта қаралады. Тариф бекітілген жағдайда жеті жасқа дейінгі балалар, Алтын және Күміс алқа иелері мен бірінші топтағы мүгедектегі бар адамдар тегін жүреді. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне автобуспен қатынау ақысыз. Дегенмен жасы біразға келген арадагерлердің қоғамдық көлікті пайдалануы екіталай. Сондықтан, дәл осы бастама тұрғындардың наразылығын тудырды.

Егер жолақыны көтерсек, алдағы 5 жылда автобус паркін толық жаңартып, қызмет көрсету сапасын арттырамыз, маршруттардағы автобус санын көбейтеміз. Ескі тариф шығындарды жаппайды. Жолақы қазіргіше қалатын болса, субсидия көлемін көбейтуге мәжбүрміз. Тағы қосымша 2 миллиард теңге керек. Ал ондай қаржы бюджетте тапшы, - дейді қала әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев.

Өзгелердің жаңалығы