Оралда жолақы қымбаттауы мүмкін

5 Қазан 2023, 04:35
1097
Бөлісу:
Оралда жолақы қымбаттауы мүмкін
Фото: архив

Оралда жолақы 120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қала әкімдігі қоғамдық көліктегі тариф құнын көтеру туралы арнайы порталға құжат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір автобуста билет бағасы электронды түрде - 80 теңге, қолма-қол ақшамен - 150 теңге. Бұл жаңалыққа тұрғындардың дені қарсылық білдірді.

Ал әкімдіктегілер жолақыны көтеру амалсыздан жасалған қадам дейді. Шаһарда жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорын бар. Соңғы алты жылда оларға берілетін субсидия 5 млрд теңгеге жеткен. Бірақ бұл қаражат тасымалдаушылардың шығынын жаппайды екен.

Бастапқыда біз бағаны 150 теңгеге дейін өсіруді ұсынғымыз келді. Бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, жолақыны 120 теңгеге дейін көтеруді ұсынып отырмыз. Себебі, тасымалдаушы кәсіпорындардың шығыны көп, жанармай қымбаттады, жүргізуші жетіспейді, қысқа дайындық нашар. Егер баға өссе, бұл мәселелер біртіндеп шешіледі, - дейді қала әкімінің орынбасары Асқар Кулбаев.

Өзгелердің жаңалығы