Оралдағы оқиға: Кепілдікте болған әйелді жедел жәрдем алып кетті

28 Қараша 2019, 21:15
3821
Бөлісу:
Оралдағы оқиға: Кепілдікте болған әйелді жедел жәрдем алып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:50-де кепілдікте отырған әйелді босату операциясы аяқталған.

41 жастағы ер адам бес сағат көлемінде әйелді бөлмеде қамап ұстап отырған. Нақтыланбаған ақпаратқа сәйкес, әйелдің аяғы жараланған, оны жедел жәрдем алып кетті. 

Полиция толық ақпаратты біраз уақыттан кейін басталатын брифингте анықтап айтпақ.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда белгісіз ер адам нотариусты кепілдікке алғандығын хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы