Оралда Ұлттық ұланның жауынгерлері жасырынуға тырысқан қарулы адамды ұстады

28 Наурыз 2022, 15:46
1598
Бөлісу:
Оралда Ұлттық ұланның жауынгерлері жасырынуға тырысқан қарулы адамды ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерініңбірінде тапаншамен жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Оқиға қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қадағалау бойынша патрульдеу бағытында болған. Сол күні әскери жасақ бастығы сержант Еламан Аманғұлов пен жасақ сақшысы қатардағы жауынгер Айбат Жеңіс Гагарин көшесінің бойында күдікті азаматты байқаған.

Ер адам бірден тәртіп сақшыларын көрген сәтте бірден артындағы рюкзакты қар құрсауына лақтырып жіберді, содан кейін қашып, жасырынуға тырысты.

Алайда ұлттық ұлан жауынгерлерінің жедел қимыл-әрекетінің арқасында күдікті азамат қолға түсті.

Осы сәтте  әскери жасақтар бойынша кезекші лейтенант Нұрсұлтан Жүсіпов  пен кинолог сержант Рүстем Успанов  оқиға  орынға  тез-арада жетіп,  әлгі рюкзакты лақтырған  жерді "Арго"атты қызметтік иттің көмегімен тінту туралы шешім қабылданды.

Қызметтік ит өзінің белсенді іздеуінің арқасында  қара рюкзакты шұғыл түрде тез тапты. Сыртқы тексеру кезінде куәгерлердің қатысуымен рюкзактың ішінен түсіру кеудешесін, сигналдық тапаншаны және алты резеңке патрондары бар магазинді тәркіледі. 

Одан кейін 47 жастағы жергілікті тұрғын одан әрі тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жауынгерлік қызмет атқару кезінде қырағылық, шебер іс-әрекеттер көрсеткені үшін әскери жасақ жауынгерлері бөлім командирінің тарапынан марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы