Оралда төрт аурухана карантинге жабылды

25 Мамыр 2020, 14:16
1872
Бөлісу:
Оралда төрт аурухана карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда төрт емхана карантинге жабылды. Бұл туралы БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

Оралдың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен Орал қаласындағы №2, 3, 4, 5 емханалары уақытша карантинге жабылды, - деді ол.
Сонымен қатар, бұл жағдай коронавируспен ауыратын науқастардың осы ауруханаларға медициналық көмекке жүгіну фактілері болғанына байланысты екендігін айтып өтті.
Олармен байланыста болғандардың бәрі оқшауланған. CVI тестілері жүргізілуде. Теріс нәтиже болған жағдайда емханалар жұмысын қайта бастайды. Бұл жағдайда жедел жәрдем және жедел көмек көрсетілетін болады, - деді Нұрлыбек Мұстаев.

Өзгелердің жаңалығы