Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді

31 Тамыз 2022, 18:12
1518
Бөлісу:
Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді
PHOTO

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында, студент жастардың білім алуы мен өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында салынған жатақханаға Орал политехникалық колледжінің және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студентері орналасады. Жатақхананың ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты, деп хабарлады сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімі бұл жоба 100 пайыз жеке инвестиция арқылы іске асқанын айтып өтті. Әкімнің айтуынша, БҚО-дағы студенттердің жатақханамен қамтылуы деңгейі төмен, 1300-дей студентке әлі де орын тапшы. М.Өтемісов атындағы БҚУ жанынан 500 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде, - деді облыс әкімі.

Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді

«Болашақ - Т» ЖШС құрылыс компаниясының қаражатына салынған жатақхана 150 орындық, 5 қабаттан тұрады.

Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді

Бірінші қабатында 2 адамға арналған екі бөлмелік 2 блок, ас үй және қосалқы үй-жайлары бар 24 орынға арналған буфет, медициналық кабинет, тренажер залы, кезекші оқытушылар мен комендант бөлмесі, сондай-ақ тұрмыстық қызмет, жеке заттарын сақтауға арналған бөлмелер бар.

Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді

Екінші және бесінші қабаттар аралығында 2 адамға арналған 2 бөлмесі бар 24 блок, 2 адамға арналған 3 бөлмесі бар 8 блок, компьютерлермен жабдықталған сабаққа дайындалатын бөлмелер, тұрмыстық қызмет бөлмелері орналасқан.

Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді

Әрбір бөлме тиісті жиһаздармен – кереует, орындық, үстел, киім мен киім-кешекке арналған шкаф, кітап сөресімен жабдықталған.

Ғимаратта қауіпсіздік жағы да ескерілген – бейнебақылау камералары және турникет орнатылған.

Оралда студенттік жатақхана пайдалануға берілді

Орал политехникалық колледжінде бүгінде 592 студент құрылысшы, электргазбен дәнекерлеуші, автомобиль жөндеуші, электрмен монтаждаушы сияқты мамандықтарда оқиды.

Өзгелердің жаңалығы