Оралда үстел теннисінен жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Оралда үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды деп хабарлады Olympic.kz.&nbsp;</h4>

 14 Қазан 2019 2019, 22:50
14 Қазан 2019 2019, 22:50
1771

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды деп хабарлады Olympic.kz. 

Соңғы жарыс күнінде ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Финалда ағайынды Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар кездескен болатын. Тартысты кездесуде Айдос ағасын 3:1 есебімен ұтты.

Ал қыздар арасында қарағандылық Зәуреш Ақашева топ жарды. 

Наверх