Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда шатырдан секірмек болған әйел дер кезінде құтқарылды

8 Тамыз 2025, 21:48
713
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Орал қаласында патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

“102” қызметіне Қонаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған әйел туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция инспекторлары — Тұрарбек Бақдәулет пен Дамир Серіков шатырға көтеріліп, әйелді дер кезінде құтқарды.

Полицейлер мен құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Қазіргі уақытта әйелдің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

 

Өзгелердің жаңалығы