Оралда полицей пара алу кезінде ұсталды

22 Қазан 2023, 15:37
598
Бөлісу:
Оралда полицей пара алу кезінде ұсталды
Фото: Нұркен Алишев

Орал қаласында полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні болды.

Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерін ақша алу кезінде қолға түсірді. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство.

Өзгелердің жаңалығы