Оралда халықаралық «Жайық» экспедициясы мәресіне жетті

27 Шілде 2019, 17:41
1961
Бөлісу:
Оралда халықаралық «Жайық» экспедициясы мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында Жайықты бойлай жүзген халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық кезекті экспедиция мәреге жетті. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.

Бастауын Ресей жерінен алған экспедицияның құрамына экологтар мен ғалымдар, екі елдің қоғам қайраткерлері енген. Мақсат – жыл санап арнасы тайыздап, жағалауы жұтап, балық қоры кеміп бара жатқан Жайық өзенінің жағдайына қоғам назарын аударту. Бірлескен келіссөздер барысында осы маңызды мәселе тағы бір рет көтеріліп, дарияның экожүйесін сақтау жолдары айтылды. Шараның қорытындысында оған қатысушылар жергілікті аквамәдени кешенде өсірілген мың жарым шабақты суға жіберді.

«Бұл жіберілген балық шабақтары міндетті түрде бірден Каспий теңізіне барып жетпейді. Жолда біраз қашықтық бар. Әртүрлі арелдарды мекен ете тұрады, қоректенеді, әлденеді деген сияқты. Содан кейін Каспий теңізіне барып, 12-13 жылдан кейін сол уақытта балықтардың біразы Жайық өзеніне қайтып келеді деген ойдамыз», - дейді балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы БҚОФ директоры Төреш Мырзашев.

Өзгелердің жаңалығы