Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:08 шамасында Назарбаев даңғылының бойында төбелес болғаны туралы полицияға белгісіз азаматтан хабар түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 25-30 жас шамасындағы белгісіз азаматтың денесін тапқан. Кейіннен оның 1992 жылы туған БҚО тұрғыны екендігі белгілі болды. Аса ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда, - делінген БҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.