Оралда балалар ауылының екі тәрбиеленушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 жастағы Максим Федулев пен 9 жасар Николай Харченко сенбі күні сағат 11:30 шамасында Зачаган ауылындағы балалар ауылынан шығап, белгісіз жаққа кетіп қалған. Полицияның барлық жеке құрамы оларды іздеуге бағытталған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Ерекше белгілері: Максим Федулев арықша келген, бойы-160-165 сантиметр, шашы қара, көзінің түсі қоңыр. Николай Харченко да арықша келген, бойы 145-150 сантиметр, шашының түсі ашық-қоңыр, қысқа, көзінің түсі қоңыр.
Оларды көрген-білгендер болса +7-777-184-04-90 немесе 102 телефоны бойынша хабарласуға болады.