Оралда бадминтоннан республикалық турнир өтеді

20 Ақпан 2021, 20:15
1375
Бөлісу:
Оралда бадминтоннан республикалық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 23-28 ақпан аралығында Оралда бадминтоннан республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Оралда өтетін республикалық ірі турнирге Қазақстан ең мықты спортшылары қатысады деп күтілуде. 

Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 50-ден астам спортшы жиналады. 

Қатысушылар арасында келесідей үздік спортшылар кездеседі:

Халықаралық спорт шебері, Буэнос-Айрестегі 2018 жылғы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы - Дмитрий Панарин; 

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы - Құлматов Хайтмұрат; 

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы, U19 Орталық Азия чемпионы - Жұмабек Айша;

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы - Оксана Штелле;

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы - Камила Смағұлова. ⠀

Өзгелердің жаңалығы