Оралда әуежай тұрағында жол талғамайтын көлік отқа оранды

4 Шілде 2023, 22:46
807
Бөлісу:
Оралда әуежай тұрағында жол талғамайтын көлік отқа оранды
Фото: видеодан скрин

Орал халықаралық әуежайы тұрағында Toyota Ipsum маркалы жол талғамайтын көлік отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

43 жастағы Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі өрт сөндіру құралымен отты өзі сөндіруге тырысқан. Алайда онысынан түк шықпады.

Өртті әуежайдың өрт сөндірушілері жойды.

Оқыс оқиғадан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы