Оралда аса ауыр қылмыс жасаған 3 жігіт іздестіріліп жатыр

5 Ақпан 2024, 09:35
1561
Бөлісу:
Оралда аса ауыр қылмыс жасаған 3 жігіт іздестіріліп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Оралда "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" үш ер адам іздеуге жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Мой город" басылымының мәліметінше WhatsApp мессенджері Орал қаласының Абай полиция бөлімінің хабарламасын таратып жатыр, хабарламада үш ер адам "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" іздестіріліп жатыр.

Олардың қандай қылмысы үшін іздестіріліп жатқаны белгісіз. Жігіттерді Оралда жас жігіттің өліміне қатысты іздестіріліп жатқаны туралы айтылған аудио хабарлама да таралып жатыр.

БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 ақпан күні сағат 08:10-да Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

Алайда департамент бұл қылмысқа іздеудегі 3 жгіттің қатысы бар-жоғын нақтыламады.

Абай полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қылмысты ашуға және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Оралда аса ауыр қылмыс жасаған 3 жігіт іздестіріліп жатыр
Өзгелердің жаңалығы