Оралда 803 студент медициналық сақтандырусыз қалды

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде бұл олқылықтар жойылды.

 magnific.com Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
147
Фото: magnific.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында бірқатар оқу орындарында күндізгі бөлім студенттері туралы мәліметтер Ұлттық білім беру деректер базасына уақтылы енгізілмегені анықталды. Соның салдарынан мемлекет есебінен жарна төленетініне қарамастан 803 студент МӘМС жүйесіне тіркелмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде бұл олқылықтар жойылды. Білім беру ұйымдары деректерді толық енгізіп, 803 студенттің медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге қол жеткізу құқығы қалпына келтірілді.

Прокуратура әлеуметтік құқықтардың сақталуын бақылау жұмысын жалғастырып жатыр.

Наверх