Оралда 29 жастағы бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген тұрғын ұсталды

31 Қаңтар 2024, 03:09
741
Бөлісу:
Оралда 29 жастағы бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген тұрғын ұсталды
Фото: Арман Мухатов -архив

Полиция қызметкерлері бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Орал қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады. Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы