Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының ширек финалында жеңілді

Олжас АДАЙ
3 Қараша 2021, 08:38
1122
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрбек Оралбай бокстан Белградтағы әлем чемпионатының жыртылай финалында жеңіліп қалды.

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/4 финалда шаршы алаң қожайыны Владимир Мирончиковпен жекпе-жекке шықты.

Алайда бұл жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін сәтсіз болып, отандасымыз 0:5 есебімен жеңіліске ұшырады.

Әлем чемпионатының жартылай финалына бес боксшымыз өтті. Бес жерлесіміз ширек финалда сүрінді. Өзге үш боксшымыз алғашқы кезеңдерде жарыс жолынан шыққан.

Сонымен қатар 1/4 финалда Асланбек Шымбергенов украиналық Юрий Захареевпен жұдырықтасты.

71 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте украиналық жеңіске жетті.

Ширек финалға шыққан он боксшымыздың төртеуі жартылай финалға өте алмады. Тағы бір боксшымыз бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы