Биыл Батыс Қазақстан өңіріндегі Орал-Бұзылық күре жолы толық жөндеуден өтті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ БҚОФ басшысы Қазбек Мәмбетов БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл күре жолдың жалпы ұзындығы - 28 шақырым. Асфальтобетон жабыны ауыстырылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 45 бірлік арнайы техника мен 60 маман жұмылдырылды, - деді спикер.
Сонымен қатар, «Самара-Шымкент» автомобиль жолының үш учаскесі жөнделді (298-330, 408-443, 511-526 шқ аралықтары). Орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған учаскелердің жалпы ұзындығы - 82 шақырым.
Айта кеткен жөн, Батыс Қазақстанда 110 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарынан өтті.