Қорғаста тон және темекі өнімдері тәркіленді

1 Қазан 2019, 16:02
2377
Бөлісу:
Қорғаста тон және темекі өнімдері тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

"2019 жылдың 1 қазанында Алматы облысы бойынша МКД «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, 35 дана тондар мен кеудешелердің ірі партиясын, сондай-ақ декларацияланбаған темекі өнімдерін, атап айтқанда, жалпы салмағы 180 кг құрайтын 9390 бумадағы түрлі маркалы (Milano, Cavallo, Oris, Mond ) темекі өнімдерін тәркіледі", - делінген таратылған ақпаратта

Қазіргі уақытта тон және темекі өнімдері уақытша сақтау қоймасына орналастырылған, ұсталған тауарлардың кедендік құны мен келтірілген залал сомасы анықталуда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселесі шешілуде.
Өзгелердің жаңалығы