Оқушының шаш бояуы мен маникюріне тыйым салу орынды ма? – Министр жауап берді

 ©BAQ.KZ/ Жасанды интеллект 8 Қыркүйек 2026, 12:43
8 Қыркүйек 2026, 12:43
129
Фото: ©BAQ.KZ/ Жасанды интеллект

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушыларының сыртқы келбетіне қойылатын талаптарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде ата-аналар кейбір мектептер оқушылардан белгілі бір шаш үлгісін сақтауды талап етіп, шаш бояуға және маникюр жасауға тыйым салатынын жазған. Осыған байланысты министрден мұндай талаптардың қаншалықты орынды екені сұралды.

Барлық оқушының мектеп формасын киюі – заң талабы. Әр мектептің ішкі тәртіп ережесі бар. Биыл кейбір білім беру ұйымдары осы ережелерге сәйкес балалардың сыртқы келбетіне қатысты талаптарды реттей бастаған. Біздің ұстанымымыз – оқушының сыртқы келбеті оқу процесіне кедергі келтірмеуі керек, – деді ол.

Министрдің сөзінше, мектептегі талаптар балаларды кемсітуге немесе алалауға негіз болмауы қажет.

Барлық оқушыға ортақ мектеп формасы болуы керек. Сондай-ақ олардың сыртқы келбеті ұқыптылық пен әдептілікті көрсеткені жөн деп санаймыз, – деді Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін журналистерге ата-аналар чатындағы қарым-қатынас тәртібі туралы үндеуін түсіндірген еді.

Наверх