Оқушыларымыз Сингапурдағы әлем чемпионатында өз роботтарын таныстырады

8 Қыркүйек 2023, 10:54
532
Бөлісу:
Оқушыларымыз Сингапурдағы әлем чемпионатында өз роботтарын таныстырады
PHOTO
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен елордалық Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында USTEM Foundation және Caravan of Knowledge қоғамдық қорларының FIRST Global Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадасының ұлттық іріктеу кезеңі өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық оқушылармен қатар додаға Моңғолия мен Өзбекстан командалары да қатысып жатыр.

Сингапурдағы робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада ел намысын қорғау үшін мұнда 200-ден астам қазақстандық оқушы өзара бақ сынасуда.

Оқушыларымыз Сингапурдағы әлем чемпионатында өз роботтарын таныстырады

FIRST Global Challenge - робототехника бойынша ең ауқымды олимпиада болып саналады. Өткен жылы Женевада біздің команда керемет жеңіс үлгісін көрсетіп, чемпионаттың алтын жүлдесіне және төрешілердің екі бірдей жоғары марапатына ие болған еді. Биылғы жылы біз бұл жеңісімізді тағы қайталасақ дейміз. Сондықтан ел намысын қолдан бермеу үшін, ең мықты ақыл-ой иелерін іріктеуге тырыстық, - дейді USTEM Foundation қорының негізін қалаушылардың бірі Нұрдәулет Досмағамбет.

Айта кетейік, бағдарламалау және түрлі инженерлік тапсырмаларды орындау бағыттары бойынша қатысушыларды іріктеу биылғы жылдың мамыр-тамыз айларында өтті.

Оқушыларымыз Сингапурдағы әлем чемпионатында өз роботтарын таныстырады

Финалға ең мықты 40 команда жолдама алды. Биылғы сайыс тақырыбы сутегін отын ретінде пайдалану мүмкіндіктеріне негізделген. Оқушылар имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтар жасауда.

Сондай-ақ, оқушылар маусымдық тақырыптар бойынша өздерінің ғылыми жұмыстарын да таныстырады.

Өзгелердің жаңалығы