Оқушыларға сабақ кезінде телефон ұстауға тыйым салатын заң қабылданды

1 Ақпан 2024, 11:19
2372
Бөлісу:
Оқушыларға сабақ кезінде телефон ұстауға тыйым салатын заң қабылданды
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңның негізгі мақсаты білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамаларды одан әрі жетілдіру.

Бұл институт қоғамның кәмелетке толған азаматтардың жеке қолдауы мен тәлімгерлігін ұсыну арқылы ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың дамуы мен интеграциясы үшін қолайлы жағдайлар жасауға деген ұмтылысын көрсетеді. Осы бастаманы енгізу әр баланың жеке тұлғаны қалыптастыру процесінде қамқорлық, олардың сәтті бейімделуіне және болашақ әл-ауқатына жақсы ықпал етеді.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнамада алғаш рет әкімдікке 30 жылдан астам пайдаланудағы білім беру ұйымдарының авариялық жағдайына және сейсмикалық тұрақтылығына әрбір 5 жыл сайын тексеруді қамтамасыз ету бойынша талап белгіленеді. Сонымен қатар, Заңмен қысқа мерзімді оқу жоспары бойынша талап етілетін жағдайларды қоспағанда, білім алушылардың сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануына заң жүзінде тыйым салу ұсынылады, - деді сенатор Талғат Жүнісов.

Сондай-ақ «желілік мектептер», «білім беру сапасы», «білім беру сапасының мәдениеті» ұғымдарын енгізу көзделген.

Заңмен білім беру және денсаулық сақтау объектілері жоқ көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға тыйым салу белгіленеді. Қазіргі уақытта мұндай кешендердің тұрғындарының балалары жақын орналасқан мектептерге баруға мәжбүр. Бұл фактор мектептің үш ауысымда оқытуға әсер етеді. Осы орайда аталған норманы қабылдау қажеттігі туындап отыр, - деді сенатор.

Бұл аталған шаралар балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қауіпсіз және қорғалған ортаны құруға, олардың күнделікті өміріндегі тәуекелдерді азайтуға және қауіпсіздік деңгейін көтеруге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы