Оқушылардың ораза ұстағаны дұрыс па? – министр жауабы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Оқу-ағарту министрлігі 12 Наурыз 2025 2025, 14:07
12 Наурыз 2025 2025, 14:07
23284
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Мектеп жасындағы баланың ораза ұстауы дұрыс па? Денсаулығына әсері қандай?" деген сұрақ қойды.

Бұл жерде ата-аналар мен оқушылардың өзіне қарата айтуымыз керек. Негізі қандай мәселені қозғасақ та, бірінші балалардың қауіпсіздігін алға қоюымыз керек. Егер балалардың денсаулығына нақты зиян келетін болса, мұндай мәселені қайта қарауымыз қажет. Сол себепті әрбір ата-ана мен бала шешімді қабылдаған кезде осы ұстанымды ескеруге тиіс деп есептеймін, - дейді Ғани Бектайұлы Мәжіліс кулуарында.

Наверх