Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

24 Наурыз 2023, 20:50
834
Бөлісу:
Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі
PHOTO
Фото: Қарағанды NIS

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы құрылғы әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Импланталатын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі" жобасы Астанада өткен байқауда I орын алды. Жұмысты сәтті қорғағаны үшін Алдиярға Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты берілді.

Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

Біздің құрылғы тері астына имплантацияланады, ал электродтар қан тамырлары арқылы жүрекке орнатылады. Құрылғы аурудың түрін бірден анықтайды және арнайы электрлік импульстарды жібереді. Бұл импульстар жүрек бұлшықеттеріне әсер етеді, олардың жұмысын тежейді немесе тездетеді, – деді Алдияр.

Кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі тахикардияны, брадикардияны және қарыншалар фибрилляциясын емдеуге көмектеседі.

Алдияр жобаны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулерінде таныстырды. Биылғы жылы биомедицина, инженерия және технологиялар байқауына алты секцияда 100-ге жуық жоба қатысты. Қарағандылық оқушылардың жұмысы "Ақылды" протездер мен олардың элементтерін жасау" санатында үздік деп танылды. Экзо және эндопротездеу.

Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

Қарағанды NIS-тің тағы бір оқушысы – Ұлан Мұстафин "Адам ағзасының функционалдық жай-күйін мониторингілеуге арналған аппараттық-бағдарламалық құралдар" секциясында 3-ші орынды иеленді.

Наурыз кездесулерінде Қарағанды NIS оқушылары барлығы бес жобаны ұсынды.

Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

Олардың арасында "Аяқ-қолдары әртүрлі адамдарға арналған роботталған табан",

Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

"Сіңдіру әдісімен біріктірілген дәрілік гидрогель",

Оқушылар жүрек ауруы бар адамдарды емдеуге арналған құрылғы әзірледі

"Бүкірлікпен күресуге арналған Postrue құрылғысы және мобильді қосымшасы" бар.

Өзгелердің жаңалығы