Оқушылар салауатты әдеттерді қалай қалыптастырады?

1 Желтоқсан 2022, 18:04
924
Бөлісу:
Оқушылар салауатты әдеттерді қалай қалыптастырады?

Алматыдағы № 52 мектепте «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сабағы өтті. Үшінші сынып оқушылары дәмді және пайдалы тағам дайындаудың практикалық дағдыларын меңгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара «Нестле Қазақстан» мен Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова балалардың дұрыс тамақтану әдеттерін тәрбиелеудің неліктен маңызды екенін айтып берді. Оның айтуынша, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламалары балалардың дамуына елеулі үлес қосады. 

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы сыныптан тыс жұмыстар және басқа да мектеп іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламада оқушыларға ақпаратты оңай қабылдауға көмектесетін ойын тапсырмалары бар. Балалар жеңіл және еркін түрде негізгі қоректік заттар, пайдалы тағамдар, тамақтар, диетаны құру негіздері туралы біледі, - деп түсіндірді Татьяна Ежова.

«Нестле» білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева аспаздық шеберлік сабағы «Салауатты тамақтану мектебінде» оқытудың ең тиімді түрлерінің бірі екенін атап өтті. 

Біз балаларға бір-бірімен де, практикалық кәсіп жүргізетін кәсіби аспазшымен де тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береміз. Бұл аспаздық сабақ жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын, сондай-ақ оның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қандай рөлі бар екенін айқындауға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті Александра Макеева.

№52 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рамила Тенешева «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасымен жұмыс істеу туралы өз пікірін бөлісті. 

Мектебіміз жобаның алғашқы қатысушыларының бірі болғанын мақтан тұтады. Ата-аналар бағдарламаның маңыздылығын жоғары бағалады, тіпті соның арқасында отбасылық аспаздық дәстүрлер мен тамақтану әдеттерін дұрыс тамақтануға қарай өзгерткенін мойындады. Балалар жоба аясында өткен барлық байқауға қуана қатысып, жүлделі орындармен мақтанады, - деді Рамила Тенешева.

Еске сала кетейік, «Салауатты тамақтану мектебі» аясында Астана мен Алматыда оқушыларға арналған аспаздық байқау өткізіледі. Ол мектеп оқушыларының пайдалы тамақ дайындауға деген қызығушылығы мен ұмтылысын оятуға бағытталған. Бірнеше ай бойы оқушылар мұғалімдермен және ата-аналармен бірге аспазшылардың бейнесабақтарымен танысып, аспаздық дағдыларды меңгереді. Өздері дайындаған тағамдардың фотосуреттерін бағдарламаның цифрлық платформасына орналастырады. Аспаздық байқау 2023 жылы атап өтілетін «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының 10 жылдығына орайластырылған.

«Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап елордалық және алматылық мектептерде жұмыс істейді. Бағдарламаға 6-8 жастағы балалар қатысады. 

Өзгелердің жаңалығы