Оқушылар жаңа оқу жылында қалай демалады?

19 Тамыз 2019, 10:34
2707
Бөлісу:
Оқушылар жаңа оқу жылында қалай демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ өкілдері мектеп оқушыларының 2019-2020 оқу жылындағы каникулдарының мерзімін айтты.

Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі №337 бұйрығына сәйкес: 

1) 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады; 

2) 1-сынып оқушылары - 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды; 

- күзгі каникулдар - 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн); 

- қысқы каникулдар - 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн); 

- көктемгі каникулдар - 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметіне сүйенсек, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі - 3-9 ақпана аралығында (жеті күн). 

Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы