Оқушылар каникулда неше күн демалады?

19 Тамыз 2022, 11:15
1957
Бөлісу:
Оқушылар каникулда неше күн демалады?
Фото: inform.kz

Қазақстанда оқу жылының мерзімі екі аптаға ұзартылды. Есесіне оқушылардың  демалысы қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жаңа 2022-2023 оқу жылы дәстүр бойынша 1 қыркүйекте басталады.

1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасы, 2-11 (12) – сыныптарда 36 оқу аптасы болады. 

Оқу жылы ішіндегі каникул:

1-11 (12) сыныптарда:

Күзгде - 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);

Қыста - 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін қоса алғанда);

Көктемде - 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).

1-сыныптарда қосымша демалыс белгіленген -7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпанды қоса алғанда).

Бұрын оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасы, 2-11 (12) – сыныптарда 34 оқу аптасы болатын.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы