Оқушылар химия пәнінен 58-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында бақ сынайды

30 Сәуір 2024, 12:12
401
Бөлісу:
Оқушылар химия пәнінен 58-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында бақ сынайды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы (МХО) өтуде. Оған әлемнің 29 елінен оқушылар қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, ел намысын 2023-2024 оқу жылындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары арасынан іріктелген 10-12 сыныптардан он қазақстандық оқушы қорғайды.

Команданың құрамы: 1. Әліби Мұғалім, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы; 2. Ринат Илюсизов, № 8 лицей-мектебі, Павлодар қаласы; 3. Әділжан Молдағұл, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы; 4. Абылай Кабдулхадыр, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы; 5. Кирилл Ким, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы; 6. Еңлік Бақытбекова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; 7. Райымбек Габдолла, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы; 8. Санжар Қалиақбар, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қарағанды қаласы; 9. Тамила Рахимбаева, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қаласы; 10. Алихан Серікұлы, Haileybury мектебі, Алматы қаласы. Жетекшілері – Елдана Бахытжан, PhD доктор, Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы және Санжар Бегдаир, KBTU, 4-курс студенті.

Олимпиада алты күнге созылады және екі теориялық пен бір эксперименттік кезеңді қамтиды.

Айта кетсек, халықаралық Менделеев олимпиадасы – биыл шілде айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін химиядан халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңінің бірі.

Өзгелердің жаңалығы