Оқушылар Балқан олимпиадасынан 6 медаль еншіледі

29 Маусым 2023, 12:32
671
Бөлісу:
Оқушылар Балқан олимпиадасынан 6 медаль еншіледі
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олимпиадаға Балқан түбегінің 20 ел және қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты.

Халықаралық математикалық жарыста Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті. 

Жеңімпаздар: 

• Амирлан Аманжолов – Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математикалық мектебі» 9 сынып оқушысы – алтын медаль; 

• Серік Мұрзабек – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль; 

• Ерқанат Кеңшілік – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль; 

• Әлинұр Маратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль; 

• Жанарыс Теңдіков – Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль; 

• Аят Абдуллаев – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль; 

Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік, - дейді топ жетекшісі Владимир Жук. 

Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға 19 жыл ішінде 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы