Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

23 Ақпан 2024, 14:24
920
Бөлісу:
Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды
Фото: автордан

Оқушылар робототехника бойынша сайысқа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 1-11 сынып оқушылары арасында робототехника бойынша "First Robotics" Central Asia First Championship байқауы басталды. Үш күнге созылатын байқауға 14 елден 1500-ге жуық қатысушыдан құралған 200-ден астам команда қатысады.

Байқаудың негізгі ұйымдастырушылары "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы, "USTEM Foundation" қоғамдық қоры, Астана қаласы Білім басқармасы және Оқу-ағарту министрлігі мен Астана қаласының Әкімдігі.

Аталмыш байқаудың маңызы туралы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов айтып берді.

Биыл екінші мәрте Азиялық чемпионат ұйымдастырылып отыр. 14 елден келген 200 команда төрт сала бойынша дайындаған роботтарды сынға түсіретін болады. Мұнда келген оқушылар байқауға тыңғылықты дайындықпен келіп отыр. Ал байқау жеңімпаздары ел намысын Америкада өтетін сайыста қорғайтын болады,-дейді Гаждембек Тұрсынов.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

Айтулы байқауды көріп, тың жобалармен танысуда бізде біріншілердің бірі болайық деп, әрі қарай жас ғалымдармен жүздестік.

Атырау облысы Құлсарыдан арнайы келген команда "Жылы техник" деп аталады. 4 жігіттен құралған топ ауылдық жерлердегі мәдени сахналарды модернизациялап, оны заманауи үлгіде жабдықтауды көздейді. Жылжымалы экраны, ауыспалы механизмі бар әмбебап концерттік сахнаның жобасын ұсынып отырмыз дейді қатысушылар.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

Сондай-ақ ерекше киім үлгісін киген мына қатысушыларға көзіміз түсті. Павлодар қаласынан келген бұл топ мүшелері жобаны жасау үшін бірнеше ай кеткенін айтады. Осыған дейін бұл топ Алматы қаласында- 3 орынды, Павлодар қаласында 1 орынды иеленген.

Жоба жасау барысында мұражайларды, циркті араладық. Біздің жобамызда осы орындарда робот динозаврларды пайдалану. Және қазір көптеген қазақ балалары домбырадан басқа аспаптарды, композиторларды білмейді. Сондықтан біз робот-композиторды құрастырдық,-дейді олар.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

Аталмыш байқауға тек Қазақстаннан емес Қырғызстан, Кипр, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Қытай , Индонезия, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы секілді елдерден де қатысушылар бар.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

Аталмыш байқауда өткен жылы 1 орынды иеленген Астаналық "IQrobots" тобы биыл бас жүлдені қанжығамызға байлаймыз деп отыр. Ұсынып отырған жобалары да ауқымды. Олар қауіпсіздікті робототехникамен қамтамасыз етпек.

Біздің жобамыз мұражайлардағы құнды жәдігерлерімізді қорғауға арналған. Егер мұражайдағы заттарды біреу ұрлайтын болса, онда автоматты түрде дабыл қағылады. Және екінші құрылғы арқылы егер лазерлерге адам тисе, жәдігер астында жасырынған сейфке құлайды және бұғатталады-,дейді топ капитаны Манас.

Ал топ жетекшісі Мақпал Қожамұратова жобаға қыркүейектен бері дайындалдық дейді.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

Біздің бұл сайысқа қатысқанымызға биыл екінші жыл. Біздің мектептен 3 команда қатысып отыр. Бүгінгі байқаудың балаларға берер пайдасы зор. Олар робототехниканы, бағдарламаларды үйренеді. Сондай-ақ берілген тақырыпқа байланысты шешілмеген мәселелерді табуды үйренеді,-деп атап өтті ол.

Үш күнге созылатын байқаудың ұйымдастырушылары чемпионатқа өткен жылы 100 команда қатысса, биыл олардың саны екі есеге артты дейді.

Қатысушылар үш санат бойынша жарысқа түседі. Байқау соңында 4 команданы жеңімпаз ретінде анықтап, байқау жеңімпаздары Америкадағы Техас штатында өтетін бүкіләлемдік жарыста ел намысын қоғайды,-деді "USTEM Foundation" қоғамдық қорының басшысы Асылбек Мурзахметов.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды

Рас, кішкентай ғана өнертапқыштарымыздың жоба таныстыру барысындағы құштарлығын көріп, сайыс жеңімпазын анықтау қиын боларын сездік. Себебі, өнерпаздардың барлығы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынған.

Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды
Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды
Оқушылар арасындағы робототехника чемпионаты басталды
Өзгелердің жаңалығы