Оқушыға ыстық тамақ, ал мұғалімге баспана: Атырау облысының білім жүйесінде не өзгеріс бар?

29 Қараша 2023, 17:14
1799
Бөлісу:
Оқушыға ыстық тамақ, ал мұғалімге баспана: Атырау облысының білім жүйесінде не өзгеріс бар?
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Атырау облысының Білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков өңірде білім беру жүйесі қалай дамып жатқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырау облысының білім саласы жергілікті бюджеттен тиісті ресурстармен қамтамасыз етіліп, өзекті мәселелер шешімін тауып жатыр.

Бүгінгі күні облыста 361 555 баланы камтыған 597 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Былтырмен салыстырғанда 9 білім беру ұйымына артқан.

Өңірдің білім саласын дамыту мақсатында «Атырау облысының білім жүйесін дамытудың жол картасы» әзірленген болатын. Саладағы барлық өзекті мәселе жол картасы шеңберінде шешіліп жатыр.

Балабақша мәселесі қалай шешіліп жатыр?

2023 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 5 954 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 2024 жылы 8 000 нан асаорынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады, - деді Білім басқармасы басшысы.

2022 жылы 480 орындық 3 балабақша ашылса, жылдың соңына дейін 2 520 орындық 9 балабақша ашылады.

Ерлан Сламбековтың сөзінше, 2029 жылға дейін 8 100 орындық 43 мектепке дейінгі білім ұйымы салынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балабақшаға баратын арнайы санаттағы отбасылардан шыққан 8 170 бала тегін тамақпен қамтылды.

6 балабақшада (№6, 13, 15, 20, 21, 29 ) эмоциялық-еркi жағынан және мінез-құлқында (аутизм) бұзылыстары бар балалар үшін инклюзияны қолдауға жағдай жасалды.

Жол картасының тармақтарын орындау барысында: 

- 1 балабақша күрделі жөндеуден өтті. 2025 жылға дейін 10 балабақшада күрделі жөндеуден өтеді;

-2024 жылы 3 білім беру ұйымы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді;

-2023 жылы 1 158 педагог біліктілігін арттыру курстарыннан өтті.

Орта білім: оқушыға ыстық тамақ, мұғалімге баспана

Апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін 11 жаңа мектептің (9 мемлекеттік мектеп, 2 жекеменшік мектеп) 1 жапсаржайдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні оның 6-ы және 1 жапсаржай пайдалануға берілді, 1-уі биылдың соңына дейін аяқталады. Биыл қыркүйек айында жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған «Сармат» әскери-патриоттық мектебі, олимпиада резервтерін дайындауға арналған спорт мектебі, дарынды ауыл балаларын қолдауға арналған мектеп гимназия ашылды, - деді Ерлан Сламбеков.

2024 жылы 20 мектеп, 2025-2027 жылдары тағы 7 мектеп салу жоспарланды.

2023-2027 жылдар аралығында барлығы 20 мыңға жуық орынға арналған 27 мектеп салу жоспарланып отыр (25 мемлекеттік мектеп, 2 жеке мектеп).

2022-2023 жылдары 11 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (9 мектеп, 1 балабақша, 1 балалар-жасөспірімдер клубы).

Кадр тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен педагогикалық мамандықтарға 500-ге жуық орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп келеді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау бойынша 262 000 балаға 3 ПМПК жұмыс жасауда. Осы жылы 1 ПМПК, 3 инклюзивті қолдау кабинеті, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. 143 мектеп жедел басқару орталықтарына қосылған, - дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар осы оқу жылында балаларды сапалы тамақтандыру үшін төрт апталық мәзір әзірленіп, 189 мектепте 58 900 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді (1-4 сынып аралығындағы 54 869 оқушы, 5-11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал топтағы 3 221 оқушы).

Білім беру ұйымдарына үздік педагогтерді тарту мақсатында қызметтік пәтерлер сатып алуға 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Күні бүгін 6 педагог қызметтік пәтерге ие болды. 2023 жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тасымалдау үшін 23 автобус сатып алынды, - деп атап өтті Ерлан Сламбеков.

Мектептердің материалдық базасы жақсартылып жатыр. 2022 жылы 14, 2023 жылы 25 мектепке 34 пәндік кабинеттер сатып алынды.

Облыс мектептері 100% электронды оқулықтармен қамтамасыз етілді (191 мектепте «Алматыкітап» баспасы).

Білім сапасы жақсарды

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 55,4%.

Облыста білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше жобалар іске асырылуда («Smart кітапхана» кітап оқуға баулу. «Teachers Lab» функционалдық сауаттылық. «First» инженерлік білімді дамыту. «AVR Labs» - шалғайдағы мектептерде зертханалық жұмыстарды тиімді жүргізу. «Сингапурлық математика» математика).

Білім байқауларында 160 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.

2022 жылы 4 000, 2023 жылы 6 007 педагог пен 27 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы

Биылдан бастап тәрбиелік қызметті үйлестірудің бірыңғай жүйесі қалыптасты.

Барлық білім ошақтарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді.

Бағдарлама аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобалары іске асырылуда. Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайтуда, «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Тәрбие тамыршылары» жобалары өз нәтижесін көрсетіп келеді, - дейді Облыстың Білім басқармасы басшысы Ерлан Сламбеков.

Қыркүйек айынан бастап барлық мектептерде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Президенттік резиденция «Жас дарын» оқу-сауықтыру лагеріне айналдырылуда. Алдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Балалаларды көркем әдебиетпен қамтамыз ету мақсатында 2023 жылы 70 мыңнан астам көркем әдебиет сатып алынды.

Биыл қосымша білім берумен қамту 81,4% болып, өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 2029 жылға дейін 4 заманауи қосымша білім беру нысандарын салу жоспарланған.

Колледждерде жағдай қалай?

Облыстағы 24 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында (17 мемлекеттік, 7 жеке меншік) 34 670 студент білім алып жатыр (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 20 516 студент).

2025 жылға қарай 100% жастар тегін техникалық және кәсіби білім берумен қамтылады.

2022-2023 оқу жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттердің саны 19491 жасты құрады. 10 колледжде құзыреттілік орталықтары, индустриялық кеңестер жұмыс жасайды, «WorldSkills» чемпионатына қатысушыларды дайындайтын құзыреттілік орталықтары құрылған. Мемлекеттік тапсырыс аясында 10 390 студент білім алып жатыр, - деп түсіндірді Ерлан Сламбеков.

Биыл 6 500 білім алушы студенттер қатарын көбейтті.

Облыста жобалық қуаты 2022 орындық 17 жатақхана бар. Оқу жылы ішінде жатақханамен 1320 студент қамтылды (702 орын бос).

2022 жылы 200 орындық 2 жатақхана пайдалануға берілді. 2025 жылы О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжіне 150 орындық студенттер жатақханасы салынады.

Осы жылы кәсіпорындармен, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дуалды оқыту бойынша жұмыс жүргізілді.

Биыл екі колледжде алғаш рет 10-11 сынып оқушылары (30 оқушы) үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Пилоттық жобаның қатысушылары 1,5 жылда аспаз, автокөлікке қызмет көрсету мамандығы бойынша диплом алып шығады.

Колледждер жұмыс берушілермен бірлесе отырып, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін, академиялық дербестікке ие болды. Бүгінгі күні 219 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Студенттерді тиімді жұмысқа орналастыру мақсатында, ірі кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы бойынша жұмыстар іске асырылып жатыр.

Ерлан Сламбековтың сөзінше, бүгінгі таңда «Атырау облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» білім саласын дамытудағы мәселелерді шешуде нақты нәтижесін беріп келеді.

Өзгелердің жаңалығы