Оқушы үшінші қабаттан құлап кеткен. Мұғалім жұмыстан шығарылды

4 Наурыз 2019, 09:07
2434
Бөлісу:
Оқушы үшінші қабаттан құлап кеткен. Мұғалім жұмыстан шығарылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының №77 мектебінің бастауыш сынып оқушысының білім беру мекемесінің 3-қабатындағы терезеден құлап кетуіне байланысты мұғалім өз өтінішімен жұмыстан кетті.

Бұған дейін жазғанымыздай үстіміздегі жылдың қаңтар айының соңында Қарағандының орта білім беретін мектептерінің бірінде оқыс оқиға орын алған болатын. 

Мектептің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін абырой болғанда аман қалды. Күртік қарға құлаған 7 жасар қыз баланың еш жері сынбаған, ішкі ағзалары да аман. Оқыс жағдайдан кейін полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Абайсызда терезеден құлап кеткен оқушының сынып жетекшісінің де денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен болатын. Оның жүрегі ауырып, қан қысымы көтерілген.

«Мұғалім денсаулығына байланысты еңбек демалысынан кейін жұмысқа қайта шыққысы келмеді. Ол аталған оқиғадан кейін денсаулығының нашарлағанын, енді білім беру саласында қызметін жалғастырғысы келмейтіндігін айтты. Мектептің басшылығы педагогтың жұмыстан кету жайлы өтінішін қанағаттандырды. Ол өз өтінішімен жұмыстан шығарылды», - дейді Қарағанды қаласы білім бөлімінің мектеп және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Наталья Головина.

Өзгелердің жаңалығы