Оқу жылы 2025 жылдан кейін ұзарады

25 Тамыз 2023, 10:58
1647
Бөлісу:
Оқу жылы 2025 жылдан кейін ұзарады
Фото: BAQ.KZ - архив

Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осы мәселеге қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесінде Тамара Дүйсенова оқу жылын ұзартуға дайындық жасауды тапсырды.

Осы оқу жылынан бастап оқу ұзақтығын 36 апталық оқу жылына 2025 жылдан кейін ауысуға дайындық жүргізуді бастауды тапсырамын. Соның ішінде оқу бағдарламаларын соған сәйкес дайындау қажет, - деп тапсырма берді ол әріптестеріне.

Еске салсақ, елордада «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесі өтіп жатыр. Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы