Оқу-ағарту министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

1 Желтоқсан 2022, 10:21
994
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Оның құрамына жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер, депутаттар, ҮЕҰ және ІТ саласының өкілдері, мұғалімдер, мектеп директорларынан құралған 21 адам кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дауыс беру арқылы президиум мүшелері сайланды: Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдіманап Бектұрғанов, ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығының президенті Күләнда Батырбекова, мектеп директоры Алма Жұмабекова, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Ұлжекова, «Astana Garden school» ЖШС бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаев, Мектепке дейінгі және орта білім берудің жекеменшік ұйымдарының республикалық қауымдастығы басшысы Динара Құдайқұлова, «Kusto Group» директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мәдина Тыныбаева, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Ілеуова, «Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Фарида Сағындық. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің құрамына «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров, «Mugalim» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Арофат Нұрлақов, «OYNA балалық шақ институты» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы Айжан Рамазанова және т.б. кірді. 

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қоғамдық кеңес мүшелерін құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Қоғамдық кеңестің құрамы теңдестірілген, құрамында саламыздағы түрлі бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері көп. Мұнда ерекше балалардың құқығын қорғайтын ұйымдар да бар. Қоғамдық кеңестің құрамында біздің ұстанымымыздан өзгеше пікір білдіріп, өзекті мәселелерді көтеретіндер аз емес. Біз барлық мәселені бірлесіп талқылап, ортақ шешімді табамыз, - деп айтты Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланатынын еске сала кетейік. Қоғамдық кеңестің міндеттері - талқылау мен шешім қабылдауда азаматтық қоғамның мүддесін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы