Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастады

22 Қыркүйек 2022, 11:19
1227
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастады

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя  хэштегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

Акция  2 қазанға дейін жалғасады. Байқау қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаулардың авторлары ҚР Оқу-ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

Барша қазақстандықты челленджге белсене қатысуға, өз мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтауға және олардың маңызды және игі еңбегі үшін алғыс білдіруге шақырамыз!

Өзгелердің жаңалығы