Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

15 Қараша 2022, 00:11
1516
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Дулат Шайкенұлы Жекебаев Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дулат Жекебаев 1976 жылы Қарағанды облысында туған.

Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын ауыл мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001-2005 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2005-2017 жылдары – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, білім департаменті директорының орынбасары, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары болды.

Өзгелердің жаңалығы