Оппозициялық партия кандидатының штабы ашылды

21 Қазан 2022, 19:08
1429
Бөлісу:
Оппозициялық партия кандидатының штабы ашылды
Фото: автордан

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың штабы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің Қазақстан бойынша филиалдарымыз облыс орталықтарында, республикалық деңгейдегі қалаларда өз жұмысын бастады. Штабтар ашылды. Барлығы да үгіт-насихат науқанына дайын. Үгіт-насихат материалдары дайындық үстінде. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде күн сайын ақпарат салып отырмыз, енді сағат сайын саламыз, - деді Жалпыұлттық социал-демократиялық баспасөз қызметінің жетекшісі Мақсұт Насибұлов.

Оппозициялық партия кандидатының штабы ашылды

Сондай-ақ Насибұлов кандидатты тіркеу кезіндегі қиыншылықтарды да айтып кетті.

Облыстарда біздің сенімді өкілдерді тіркегісі келмеді. Кандидаттың нотариалды сенімхатын сұрады. Бірақ заңда үміткер өзі қол қойған өтінім болса да, жарайтыны жазылған. Біз хабарласып, соны түсіндірдік, - деді штабтың баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, Мақсұт Насибұлов Шымкенттегі Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілінің көлігінің дөңгелегін жарып кету фактісін де сайлау науқанымен байланыстыратынын жеткізді. Алайда оған әзірге ешқандай дәлел жоқ.

Біздің кандидат президенттікке үміткер куәлігін соңғы болып алды. Басқа кандидаттар жинаған қолдарын ерте санап бітірді. Біз ең соңғы болып тіркелдік. Сондықтан уақыттың тығыздығы болмаса, бағытымыз айқын, дайындығымыз жақсы, - деді Мақсұт Насибұлов.

Өзгелердің жаңалығы