Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы Мұхаммед Сануси Баркиндо 63 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы Twitter-де Нигерия ұлттық мұнай корпорациясының (NNPC) басшысы Маллам Меле Чиари айтты.
Ол кеше сағат 23 шамасында қайтыс болды. Бұл оның бүкіл отбасы үшін, NNPC, ОПЕК және жаһандық энергетикалық қоғамдастық үшін үлкен қайғы, — деп атап өтті Чиари.
Баркиндоның соңғы мәлімдемелерінің бірі Ресей өндіретін мұнай көлемін толтыра алатын қуаты жоқ екені туралы болды. Оның сөздері Ресейге қарсы бірқатар санкциялар, соның ішінде мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге шектеулер енгізу аясында айтылды. ОПЕК басшысы Ресейдің мұнай-газ кешеніне қарсы санкциялар әлемдік нарық үшін үлкен теріс салдарға әкеледі деп сендірді.
Баркиндо 2016 жылдың тамыз айынан бастап ОПЕК-тің Бас хатшысы болды. Сонымен қата, 15 жыл бойы ол Нигериядан ОПЕК экономикалық комиссиясының мүшесі болды және NNPC-де 23 жыл жұмыс істеді.