OPEC+ мұнай өндіруді қысқартады

3 Сәуір 2023, 17:03
573
Бөлісу:
OPEC+ мұнай өндіруді қысқартады
Фото: e-history.kz

Әлем елдерінде мұнай қымбаттап жатыр. Бұл ОПЕК-тің өндіріс көлемін тәулігіне 1 млн баррельге дейін қысқартуымен байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жуырда Мұнай экспортаушы елдер ұйымының мүшелері осындай мәмілеге келген. 

Сауд Арабиясының Энергия министрлігі тіпті мамыр айынан бастап, жыл соңына дейін мұнай өнідірісін жарты млн-ға дейін қысқартпақшы екен. ОПЕК өкілдері бұл қабылданған шешім әлемдік қара алтын нарығының тұрақтылығын сақтау үшін жасалды дейді. 

Соңғы деректерге сүйенсек, Ирак тәулігіне 210 мың, Біріккен Араб Әмірліктері 145 мың баррель өндіреді. Ал ең төмен мұнай өнідірісі 40 мың баррель болып, Оманда тіркелмек.

Өзгелердің жаңалығы