Онжылдық мәселе: Павлодарда нөсер кәрізі қашан салынады

17 Сәуір 2024, 11:35
211
Бөлісу:
Онжылдық мәселе: Павлодарда нөсер кәрізі қашан салынады
Фото: pixabay.com

Жауын жауса болғаны, Павлодар көшелерін су басады. Қазіргі уақытта ондаған жыл бойы халықты алаңдатқан күрмеуі қалың мәселені шешу жағы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Коммуналдық мәселені шешудің оңтайлы жолы – нөсерлі кәріз жүйесін салу. Павлодар қалысының әкімі Хасар Хабылбековтың айтуынша, алдағы уақытта техникалық-экономикалық негіздеме жасалып, мемлекеттік сараптамаға жолданады.

Жобаны жүзеге асыру үшін негіздеме әзірлейтін компаниямен кездестім. Қазіргі уақытта жобаның болжамды бағасы 150 млрд теңге. Жобаны кезең кезеңмен жүзеге асырмақпыз. Өйткені, бұл – қала бюджеті үшін тым қымбат сома. Нөсерлі кәріз жүйесін Ертіс өзенінің бойымен тартпақпыз. Бұл аумақта негізгі магистральді жолдар орналасқаны белгілі. Асфальт жабындысына зиян келтірмеу үшін арық жүйесін салуды қарастырып жатырмыз. Бұл өз кезегінде жоба құнын азайту керек, - дейді Хасар Хабылбеков.

Канализациялық жүйені тартуда топырақ су жиі көтеріле беретін шағын аудандарға басымдық беріледі. Днераж құбырлары Қамзин көшесі, «Зеленстрой» және «Екінші Павлодар» шағын аудандарында пайда болады.

Мамандардың айтуынша сараптама қорытындысы биыл шілде-тамыз айларында шығарылады. Кейін жүйені орнату, жобалау және мердігер ұйымды таңдау жағы жоспарланады. Сонымен қатар экологиялық стандарттарға сәйкес тазарту және сүзгі жабдығы орнатылуы тиіс. Бұл жұмыс бір жыл ішінде аяқталмайды.

Еске сала кетейік ағын сулардың қозғалысын реттейтін жүйені салу үш кезең бойынша іске асырылады. Жоба алдағы алты жыл ішінде аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы