Оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетілді

3 Наурыз 2021, 19:05
3245
Бөлісу:
Оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы перинаталды орталықтың медицина қызметкерлері оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетті. 

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 41 жастағы Айжан есімді батыр ана 25 ақпан күні шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді.

Анасы мен баласының денсаулығы жақсы, - дейді дәрігерлер. 

Көпбалалы анаға орталықтың қызметкерлері арнайы сыйлық табыстап, ақ тілектерін жеткізді.

Бір ананың он бала дүниеге әкелуі - біз үшін қуанышты жәйт. Әрине бұл үшін ананың денсаулық жағдайы жақсы болса дейміз. Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бауырмал, қамқор болып келеді. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батырлар, - дейді орталықтың мамандары. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында демографиялық өсім жақсарып келеді. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүние есігін ашқан. Жылдың алғашқы екі айында дүниге келгендердің басым бөлігі - ұл балалар.                                 

Өзгелердің жаңалығы