«Оны қоғам да күтіп отыр». Қошанов депутаттар қалай жұмыс істейтінін айтты

1 Қыркүйек 2022, 15:45
853
Бөлісу:
«Оны қоғам да күтіп отыр». Қошанов депутаттар қалай жұмыс істейтінін айтты

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастмаларды қайталап, айтып берді. 

Ел Президенті Парламент жұмысының негізгі бағытын айқындап берді. Жаңадан ашылған сессияда депутаттар жұмыс істейтін заңдардың ерекше маңызы бар және оны қоғам да күтіп отыр. Сондықтан оларды қарау кезінде халықтың, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірі ескерілуі тиіс. Жұмыс топтарының отырысы, заң жобаларының таныстырылымы сынды жиындарға жұртшылықты кеңінен қатыстыру керек. Парламент жұмысының негізгі бағыттары айқын. Сондықтан бар күш-жігерді Президенттің бастамаларын қолдау мен жүзеге асырылуына бағыттауға шақырамын, - деді Қошанов. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті Жолдауын жариялады. Онда Президент әлеуметтік және саяси бастамаларды ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы