Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 11:59-да Алматы қаласы мен Алматы энергия торабы оқшауланған жұмыс істеу режиміне ауысты. Себебі аталған өңірді біртұтас энергия жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің авариялық ажырауы орын алған.
Оқиға себептері анықталып жатыр.
Орын алған жайтқа байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ және Мойнақ ГЭС электр станциялары тарапынан жүктеме сақталып отырғанын және қазіргі уақытта жүйелік оператордың командалары бойынша қуатты ұлғайтып жатқанын хабарлады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Солтүстік энергия көздері саналатын Екібастұз ГРЭС нысандары берілген жүктемені еш кедергісіз атқаруда. Екібастұз МАЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеп жатқан көрінеді. Ағымдағы жүктемесі 2930 МВт, Екібастұз МАЭС-2-де екі энергоблок та 950 МВт жүктемесімен жұмыс істеп тұр.
«Шардара ГЭС» АҚ сыртқы байланыс желілерінің ажырауы салдарынан жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті.