Оңтүстік Кореяның экс-президенті 22 жылға сотталады

15 Қаңтар 2021, 12:44
2656
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 22 жылға сотталады

Алматы, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты экс-президент Пак Кын Хені 22 жылға соттау жөніндегі үкімін өзгеріссіз қалдырды.  Бұл туралы Yonhap News Agency агенттігі хабарлады.

68 жастағы Пак Кын Хе өзінің қызметтік өкімін асыра пайдаланып, пара алу және бопсалау бойынша айыпталуда. 

Сот отырысы барысында прокуратураның 2020 жылғы шілдедегі ұйғарымына қатысты жазаны жеңілдету жөніндегі апелляциялық шағым қаралды.  Сот Пак Кын Хеге кесілген үкім мен, 18 млрд вон (13 млн еуро) көлеміндегі ақшалай айыппұлды өзгеріссіз қалдырды, дегенмен оған тағайындалған айыптың бір бөлігін алып тастады.

2017 жылы Конститутциялық соттың шешімімен Пак Кын Хе биліктен аластатылып, қамауға алынған. Оған мемлекеттік құпия мәліметті бөгде адамға берді, қызметтік өкімін асыра пайдаланып пара алу және бопсалады деген айып тағылуда.

Өзгелердің жаңалығы